Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлда көп қабатты үйде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, көп қабатты үйдегі жарылысқа байланысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел тергеу тобы құрылды. Жарылыстың неден болғанын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокурорының бақылауында болады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге салайық, бүгін Петропавлда сағат 16.00 шамасында Интернационал көшесіндегі 21-үйдің үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылды.
Бес қабатты үйдегі оқсы оқиғадан екі адам қаза тауып, біреуі ауыр халде жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер саны 16-ға жетті. Ал эвакуацияланған адамдар М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың № 2 жатақханасына орналастырылып жатыр. Олар ыстық тамақ және медициналық көмекпен қамтылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!