Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция қызметкері әйел адамды қағып өлтірген

25.09.2024

273 0

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Полицей әйелді қағып өлтірді, – деп хабарлайды  «Мой Город» басылымы. 

Қайғылы оқиға Оралда 19 қыркүйек күні сағат 6:15-те Пугачев көшесінде болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен әйелді қағып кеткен.

«Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: