Жексенбі, 29 желтоқсан, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Премьер министрдің орынбасары Ақтаудағы ұшақ апатының тергеу барысы туралы айтты

29.12.2024

152 0

Фото: Issa Tazhenbayev/AFP via Getty Images

Премьер-министрдің орынбасары, үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу мәселесінде Қазақстанға «сырттан қысым жасалып жатыр» деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстандық тергеу органдарына қысым көрсетіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

«Мен мұның жалған ақпарат екенін бірден айтамын. Бұл апаттың мән-жайын анықтауға ешбір елден ешкім араласуға тырысып жатқан жоқ. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз», – деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ұшақ апатын тергеуге мүдделі барлық елдердің тергеуге қатысуын қамтамасыз етті.

«Бұл ең алдымен үш мемлекет: Әзірбайжан, Ресей және өндіруші ел Бразилия. Олардың барлық өкілдері, барлығы 17 адам қазір жұмыс істеп жатыр. Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ. Сонымен қатар Қазақстан 1992 жылдан бері Чикаго конвенциясының мүшесі болып табылады. Оған сәйкес авиациялық зерттеулер жүргізу туралы шешімдерді тергеуді жүзеге асыратын мемлекет қабылдайды. Яғни, кімді тарту керек, кіммен жұмыс істеу керек деген секілді кез келген шешімді біз ғана қабылдай аламыз», – деді премьер-министрдің орынбасары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: