Ақпаратқа сүйенсек, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 100 миллион доллар жұмсалады екен.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының мәліметінше, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев он күн ішінде өзбек халқына 350 мың бас қой мен қозыны таратып беруді бұйырыпты, деп хабарлайды orda.kz.Ақпаратқа сүйенсек, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 100 миллион доллар жұмсалады екен. Әкімдермен бірге түрлі лауазымдағы тұлғаларға 67 бірдей ірі қой шаруашылығын құруға бір апта уақыт берілген.
Сонымен қатар, 2022 жылы облыс басшылары қаракөл, қой, қозы және жүн шаруашылығы есебінен 150 мың жаңа жұмыс орнын құруы керек. Жыл аяғына дейін 123 ірі жоба қолға алынбақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!