Жексенбі, 29 желтоқсан, 07:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қайда кеткені беймәлім: Байқоңырда екі жасөспірім іздестіріліп жатыр

21.02.2021

951 0

Қала жастары хабарсыз кеткен балаларды іздеу үшін еріктілер тобын құрып, таңғы сегізден бастап аулалар мен қуыс-қалтарыстарды, гараждарды аралап жүр.

Байқоңырда сегіз жасар Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анасты іздестіру жалғасуда. Олар кеше күндізгі сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

«Қатты алаңдағандықтан, біз түні бойы ұйықтамай іздеуді жалғастырдық», – деді дереккөз Sputnik Қазақстанға.

Балалардың қайда кетуі мүмкін екендігі әлі де беймәлім күйде қалып отыр. Алайда, интернетте олардың «Орион» бассейні ғимаратынан екі жүз метрдей қашықта ағып жатқан Сырдария өзеніне қарай бара жатқанын көргендер туралы ақпарат пайда болды. Еріктілер мен полицейлер және төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қосылып, өзен жағалауын қарап шықты.

«Біз саябақтан бассейнге дейін жағалау бойымен жүрдік. Мұнда іздеуге көмектескен көптеген адамдар болды», – деп жазады еріктілердің бірі әлеуметтік желіде.

Байқоңыр қаласының тұрғындары әлеуметтік желілердегі жазбалар арқылы полициядан қаланың әр ықшамауданында үйме-үй жүруді ұйымдастырып, барлық келушілерді тексеруді талап етуде.

Сондай-ақ, қала жастары жоғалған балаларды іздеу үшін еріктілер тобын құрып, таңертеңгі сегізден бастап аулалар мен қуыс-қалтарыстарды, гараждарды аралап жүр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: