Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қайғылы оқиға: анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті

11.11.2024

416 0

Сурет:alash.kz

Жеке үйден өрт шығып екі адам қаза тапты. Тағы екі адам зардап шегіп, қазір аудандық ауруханада жатыр. Қайғылы оқиға Атырау облысында орын алған деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында орын алған.

Өрт 72 шаршы метр аумақты алып жатқан тұрғын үйдің қосымша құрылысынан шыққан. Өрт кезінде 66 жастағы ана мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты.

58 жастағы ер адам екі қолынан күйік алып, 5 жастағы немересі түтіннен улану белгілерімен аудандық ауруханаға жатқызылды.

“Өрт 5:52-де ауыздықталып, толықтай 6:30-да сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері, екі техника бірлігі және «GRWORLD» ЖШС-нен үш адам мен бір техника бірлігі жұмылдырылды”, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: