Бейсенбі, 28 қараша, 04:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қайтыс болып, кейін қайта оянған ер адам клиникалық өлім кезінде не көргенін айтты

26.03.2023

769 0

Клиникалық өлімнен аман қалған Ұлыбритания тұрғыны Кевин Хилл өзінің жүрегі тоқтаған соң не көргені туралы айтты деп хабарлайды Daily Mirror порталы. 

55 жастағы азамат сирек кездесетін ауру кальцифилаксиядан зардап шеккен. Бұл кальцийдің тері мен майлы тіндердің қан тамырларына жиналуынан туындайды. Ауру әдетте жүрек аурулары бар адамдарда кездеседі.

Бірде Хиллдің жүрегіне операция жасағаннан соң қатты қан кетіп, дәрігерлер ештеңе істей алмаған. Сол кезде ол екі жарым литр қан жоғалтып, салдарынан оның жүрегі тоқтап қалды.

Хилл дәл осы клиникалық өлім сәтінде өзінің қайтыс болғанын түсінгенін жеткізді. Дегенмен, айтуынша қорқыныш сезімін емес, асқан тыныштықты сезінгенін есіне алды. Тіпті ол дәрігерлердің өмір үшін қалай күресіп жатқанын сыртынан бақылап тұрған.

“Мен денеме қарамадым бірақ бәрін сыртынан көріп тұрдым. Не болып жатқанын түсіндім. Бірақ еш үрейсіз, тек тыныштықты сезіндім. Қансырап жатқанын, ауыр екенін білдім. Мен тіпті өлгенімді де білдім. Алайда кейін ұйықтап кеттіппін. Оянсам қан тоқтап қалыпты, өмірге келгенмін. Уақытым әлі келмегенін сезген сияқтымын” – деді Кевин Хилл.

Хилл қазір ауруынан толық сауыққан. Дәрігерлер оны «ғажайып адам» деп атауда. Өлімге жақын болу оған өзінің басымдықтарын қайта қарауға көмектесті. Оның айтуынша, ауруханадан оралғаннан кейін отбасындағы атмосфера айтарлықтай жақсы жаққа өзгеріп, өзі де күйзеліске төзімді әрі күшті бола бастаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: