Атырауда 5 қаңтар күні суға батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесі 22 наурыз күні Жұмыскер шағын ауданынан табылды, деп хабарлайды СН.КЗ.
2023 жылдың 5 қаңтары күні сағат 11:14-те Атырау қаласы маңындағы Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде екі адам мұз астына түсіп кеткен. Олардың бірін құтқарушылар құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізген. Ал екінші адамды құтқару мүмкін болмады. Іздеу жұмысы шамамен бір айға созылған, бірақ ауа райына байланысты тоқтатылған болатын.
16 наурызда күн райының жылынуымен іздеу жұмысы қайта жанданды. Іздеу жұмысына 5 құтқарушы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
22 наурызда Атырау облысы ТЖД қызметкерлері суға батқан 49 жастағы ер адамның денесін Жұмыскер шағын ауданында тапты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!