Сәрсенбі, 15 қазан, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қауіп үстінде қалған 4 жасар бала аман қалды

15.10.2025

144 0

Фото: видеодан скриншот

Атырауда полиция қызметкері үйінде жалғыз қалғанда терезеге шығып кеткен бүлдіршінге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырауда учаскелік полиция инспекторы төрт жастағы қыз баланы биіктіктен құлап кетуден құтқарып қалды. Оқиға Нұрсая шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Үйде жалғыз қалған кішкентай қыз терезені ашып, москит торына сүйеніп, терезе алдына отырған. Қауіпті жағдайды көшеде өтіп бара жатқан әйел байқап, баламен сөйлесіп, дереу полицияға хабарласқан.

№14 полиция бекетінің учаскелік инспекторы полиция майоры Рүстем Жұмабаев жедел жетіп, жабық есік арқылы бүлдіршінмен сөйлесіп, қауіптің алдын алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздың анасы табылды. Айтуынша, ол үлкен қызын мектепке апару үшін үйден аз уақытқа шығып кеткені белгілі болды. Полиция қызметкерінің кәсіби әрекет етуінің, сондай-ақ бейжай қарамаған әйелдің қырағылығының арқасында оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болды, – деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: