Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жедел кеңес өткізілді

30.12.2021

916 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің бастығы, әділет подполковнигі  Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы  Жедел кеңес өткізіп, өткен жылды қорытындылады.        

Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты.  Жедел кеңесте Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының 2021 жылдың 12 айында жұмыс қорытындылары туралы штаб тобының бас маманы әділет майоры Э.Даутбаева жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті. Одан соң ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекеме басшылары да 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама оқыды.

 2021 жылдың өткен кезеңінде  ҚАЖД ведмостволық бағынысты мекемелердің  аумағына сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынудың 20 дерегінің жолы кесілді. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді 100 пайыз жұмыспен қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай –ақ жыл басынан пробация қызметінің есебіндегі  200 сотталған жұмысқа орналастырылған, 31 сотталған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грантқа ие болып, жеке кәсіп ашқан.

 Ішкі істер органдары жүйесін реформалау бойынша Мемлекет басшысы  қойған міндеттердің  жүзеге асырылуы, ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау және  Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді.

         «Соқыр аймақтарды» болдырмау үшін  департаментке қарасты мекемелер бейнебақылау камераларымен  қамтылған. Әрбір қызметкер бейнетіркегіш құрылғысымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан 100 дана бейнетіркегіш  алынған. Сонымен қоса түзеу мекемелеріне сотталғандардың  арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдар орнатылған.

Жедел Кеңесте Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша  мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу, медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырса,  пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: