Жұма, 22 қараша, 01:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қостанай облысында 5 ауылдың маңында орман өрті сөндіріліп жатыр

05.09.2022

684 0

Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы 5 ауыл аумағында өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігі жанынан ақпараттық штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 қыркүйек таңғы сағат 09:00-дегі ақпарат бойынша орман аумағындағы 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары. Өрт шарпыған жердің жалпы көлемі 5 шақырым», – делінген ақпараттық штаб таратқан хабарламада.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бүгін Әулиекөл ауданының аумағында 31°C шамасында жоғары температура сақталады.

Желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.

Ақпараттық штаб дерегінше, қазіргі таңда Новонежин ауылында Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің көмегімен зардап шеккендерді қабылдайтын шатырлар тігілген.

Өртті сөндіруге 224 техника мен 7 әуе кемесі жұмылдырылған. Сондай-ақ, жеке құрамның 1893 адамы қызыл жалынды ауыздықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан 98 үй өртеніп кеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: