Дүйсенбі, 29 шiлде, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Қостанайда 3 бала 5 жасар қызды зорлаған

29.07.2024

34 0

Фото: elements.envato.com

Қостанайда үш бала 5 жасар қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Қостанай облыстық Полиция департаменті растады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Желідегі дерекке сүйенсек, 8, 12, 13 жастағы ұл балалар 5 жасар қыздың шекесінен ұрып, зорлаған.

«Қыздың анасының айтуынша, балалар қыздың үнін шығармауы үшін ойыншық салынған қап берген», – деп жазылған дереккөз мәліметінде.

Қостанай облыстық Полиция департаменті кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында үш бала анықталды. Күдіктілердің жасына жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бұлтартпау шарасы қабылданбады. Іс бойынша барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіледі. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке ресми жауабында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: