Қостанай облысында балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған жасөспірімнің денесі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“16 қараша күні Қарабалық ауданында 2011 жылы туған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Ол сағат 16:30 шамасында Тоғызақ өзеніне балық аулауға шығып, үйіне қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, туыстары, сондай-ақ кинологтар мен қайықтар жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін ТЖД қызметкерлері тауып, судан алып шықты. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!