Астанада құрылыс алаңында жұмысшылар түсініксіз бұйрық үшін төбелес шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, «102» арнасына құрылыс нысанында болған төбелес жайлы хабарлама түскен.
«Жанжалдың себебі кран жүргізушісінің берген бұйрықты түсінбей қалуы. Сол себепті сөзталас туып, ол төбелеске ұласқан. Полицейлер бес қатысушының бәрін анықтап, бөлімшеге жеткізді», – делінген хабарламада.
Аталған адамдарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша хаттамалар толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданған.
Сот шешімі бойынша, әрқайсына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал төбелесті бастаған адам 15 тәулікке қамауға алынған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!