Алматыда қыз алып қашқан көлік жол апатына ұшырап, салдарынан көліктегі қыз оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаны Алматы облысының полициясы растады. Қайғылы оқиға Үлкен Алматы айналма жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Mercedes-Benz көлігі аударылып қалған. Mercedes-Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда KIA жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!