Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» тасжолының 12-90 шақырымында – «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесі толығымен жабылды.
Бұдан бөлек, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 65-252 шақырымында – «Жезді – Қостанай облысының шекарасы» учаскесінде көз қозғалысы тоқталыды.
Ал екі тасжол бойынша шектеулер енгізілді. Олар:
«Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1426 шақырымы – «Ақмола облысы – Теміртау ПВП» учаскесі;
«Қызылорда-Павлодар» тас жолының 970-1066 шақырымы – «Қарағанды – Молодежный кенті» учаскесі (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!