Сенбі, 18 қазан, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған

18.01.2021

939 0

Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.

«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: