Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды

03.11.2021

1074 0

Бұл туралы Polisia.kz. сайты  хабарлады. 2021 жылдың жаз айларынан бастап Қызылорда облысы Шиелі кентінде орналасқан ойын-сауық орнының меңгерушісінен ауданның бір топ жас жігіттері ақша сұрап, бопсалаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында бұл тұлғалардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғандығы белгілі болды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 қазан күні сағат 17:00 шамасында Шиелі кентінің 29 жастағы тұрғыны құрықталып, айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленді. Сонымен қатар, аудан орталығынан Шиелі ауданының күдікті үш тұрғыны ұсталды. Төрт күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс шеңберінде басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: