Қызылорда Жезқазған трассы жолындағы Сталинск каналына skoda маркалы автокөлігі аударылып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.
Аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары жетіп, көлік оқиғасы салдарынан суға түсіп кеткендігі анықталды. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек 4 жолаушы болған. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Ал оқиға орнында жан тәсілім еткен 1961 жылғы жолаушының денесін және автокөлікті құтқарушылар шығарып алды. Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісі және 3 жолаушының жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тексеруінен соң үйлеріне қайтарылды.
Оқиға бүгін яғни, ағымдағы жылғы 17мамыр күні 04 сағат 50 минут шамасында орын алған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!