Кеше сағат 14-35-да Қызылорда қаласы Шұғыла мөлтек ауданы 4 үйдің 2 қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, өрт сөндірушілердің күшімен 7 адам құтқарылды.
Өрттің салдарынан Шұғыла мөлтек ауданы 4 үйде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 20 пәтерінің асхана және қонақ бөлмелері жанып, ауданы 23,5 шаршы метрі зақымдалды. Сағат 15-00 минутта өрт толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге өртке қарсы қызметінен 17 қызметкер 6 техникасымен жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!