Бүгін әлеуметтік желіде Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктің өртке оранған видеосы тарады. Бейнеден автобустың қалың өртке оранғаны және оқиғаның шамамен сол жағалауда болғаны байқалады.
1 ақпан күні Қызылорда қаласында сағат 13:37 шамасында сол жағалау көпірінің жанында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не тиесілі №1 автобустың толығымен жанып кетті. (автобустың маркасы – Zhong Tong Bus).
13:49-да өрт оқшауланып, 13:53-те жойылды. Автобус ішінде 16 жолаушы болған, барлығы автобустан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 9 қызметкері және 3 бірлік техника оқиға орында болып, қызыл жалынды өшіруге үлес қосты.
Бейнематериалдың сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=756962775321007&id=100030218730489
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!