Бүгін Қызылорда қаласында құрылыс заттарын сататын дүкендердің қоймасы өртеніп кетті. Оқиға сағат 11: 49 минут өткенде Әбілхайыр хан көшесі №101 мекенжайда орналасқан «Идеал» және «Абдулла» құрлыс заттары дүкендерінің қоймасындағы құрлыс заттары мен шатыры толық жанып кеткен.
Өрт сағат 12:30 минут өткенде толықтай ауыздықталды.
Өртті өшіруге 7 бірлік техника және 30 қызметкер жұмылдырылған.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ӨСжАҚЖҚ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!