Қызылордада жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.10 шамасында болды. Облыс орталығында орналасқан Қорқыт ата көшесінің бойындағы теміржолдың астынан өтетін көпір маңында шағын автобус өртенген. «Оқиға орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер барды. Мамандар барған сәтте «Mitsubishi» микроавтобусы жанып жатқан. Онда мінген жолаушылардың барлығы аман. Өрт 18:18-де сөндірілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен. Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!