Сенбі, 27 шiлде, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада суға кеткен 9 сынып оқушысының денесі табылды

20.05.2022

503 0

Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен 9 сынып оқушысының денесі табылды.

19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.

Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: