Қызылорда қалалық полиция басқармасына жасөспірімнің анасы арызданған. Қала тұрғынының айтуынша 13 жастағы қызы сағат 18:30 сабақтан шығып, үйіне оралмаған.
Келеді деген үмітпен қызының барлық достарына, оқытушыларына, туысқандарына хабарласып мән-жәйді түсіндіріп іздеу салады. Телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан полицейлердің көмегіне жүгінген.
Жоғалған жасөспірімді табуға ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 13 жастағы жасөспірім 14 ақпан күндізгі уақыт 11:00 шамасында қала орталығындағы көшелердің бірінен табылды. Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Полицейлер табылған жасөспіріммен ата-анасына профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.
Ювеналды полиция қызметкерлері балаларыңызды бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!