Салтанатты Ант қабылдау, арнаулы атақтарды табыс ету, жарғыны білуін және саптық даярлығын тексеру – облыс орталығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлерінің саптық байқауы өтті. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Оспанов Азамат екі қызметкерге «полиция аға лейтенанты», екі қызметкерге «полиция капитаны» атағын табыс етті, сондай-ақ жеке құрамның жылдың суық мезгілінде қызмет атқаруға дайындығын жеке тексерді.
Саптық байқаудың шарықтау шегі қызылордалық полицияның қатарына қосылған жас қызметкердің Ант қабылдауы болды. Аға буын әріптестері мен басшылық құрамның алдында төрт жас полиция қызметкері Отанға адал қызмет етуге және қызметтің қиындықтарына төзе білуге салтанатты түрде ант берді.
«Бізде салтанатты түрде өз қатарымызға жас құқық қорғаушыларды қабылдаудың игі дәстүрі қалыптасқан. Біз сіздердің полиция қызметіндегі барлық қиын сыннан сүрінбей, абыроймен атқаруға және артқан сенімді ақтауға; тәлімгерлеріңіздің лайықты ізбасарлары болатындықтарыңызға сенім білдіреміз. Конституция, Ант пен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын ұстаныңыздар», – деп құттықтады сап түзеген жас қызметкерлерді Азамат Айдуллаұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!