Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының, Қызылорда облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ іс-шаралар жоспарларының талаптарын орындау мақсатында облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы мақала жазып, БАҚ-та жариялау онлайн сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Балалар мақала дайындап, оны БАҚ-та жариялап, Инстаграм желісіндегі парақшаларына салу арқылы сайысқа қатысты.
Сайысты бағалауға жергілікті тілшілер атсалысты.
Сайысқа 100-ден астам үміткер қатысып, олардың 62-сі екінші кезеңге өтті.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне сәйкес: 12 қатысушы алғыс хаттармен марапатталады, 35 адам өңірлік жеңімпаздар атанды, ал облыстық жеңімпаздар: 1 орынды-Арал ауданының №14 мектеп– лицейінің оқушысы Еңсепбайқызы Назерке; 2 орынды – Шиелі ауданы №41 орта мектебінің оқушысы Нұрамандос Жанәлі; 3 орынды – Жалағаш ауданы №232 орта мектебінің оқушысы Ерманқызы Нұрсая иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!