Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ресейде «шпиондық» жасады деп ұсталған қазақстандық журналист қамаудан босатылды

24.12.2021

747 0

Ресейдің апелляциялық комиссия GZT түрік басылымының ұсталған редакторлары қазақстандық Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачакты қамаудан босату туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан мәлімдеді.

«Қазір ғана әріптестерден хабар алдым. Бүгін апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай мен Түркиялық Эмин Карачакты босату туралы шешім қабылдады. ҚР Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтамыз», – деді заңгер.

Журналистің ағасы Досай Кенжетай да Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

«Менің қарындасым Назгүл Кенжетай Ресейде орынсыз айыпталды. Бүгін екі мемлекеттің дипломатиялық бастамалары нәтижесінде сот шешімін өзгертті. Журналистер мен заңгерлерге үлкен алғыс айтамын», – деп қосты Кенжетай.

Еске салайық, Бұған дейін түрік ақпарат құралдары Назгүл Кенжетай мен Эмин Қарачактың ресейлік Хакасияда деректі фильм түсіру кезінде ұсталғаны туралы жазды.

Назгүл Кенжетай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасына Таяу Шығыстағы алыс нүктелерден фоторепортаждар топтамасын жасағаны үшін енді. Олар Эмин Қарачакпен бірге Хакасияға барар алдында Якутия, Бурятия және Алтайдағы түркі халықтарының өмірі туралы бірнеше хикая түсірген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: