Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Тікұшақ» аттракционының кабинасы құлап, кабинада болған әйел мен бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға Қарағандыда орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Patriot Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек, жексенбі күні болған.
Оқиға орнында қалалық ішкі істер бөлімі мен Михайловский полиция бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтауда.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр», – деді Бақытжан Құдияров.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!