Сәрсенбі, 20 қараша, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Самарқанда қазақстандық туристерді ұстаған полицейлер жұмыстан шығарылды

06.06.2022

798 0

Өзбекстанның Ішкі істер органдары Самарқанда қазақстандық туристерді ұстау кезінде электрошокер пайдаланған екі қызметкерін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Самарқанда Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде күш қолданып, электрошокер пайдаланған екі тәртіп сақшысы жұмыстан қуылған.


Оларға қатысты прокуратура билігін асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғаған.


Еске сала кетейік, оқиға 21 мамыр күні Өзбекстанда түнгі уақытта болған еді. Самарқанның патруль қызметкерлері туристер тобын ұстаған, олардың қатарында қазақстандықтар да болған.


Ұстау кезінде тәртіп сақшылары электрошокер қолданып, құжаттарының болғанына қарамастан қазақстандықтарды учаскеге күштеп апарған.


Кейінірек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өзбекстандық әріптестеріне хат жолдаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: