Шымкентте 7 жасар бала шұңқырға құлап, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қайғылы жағдай 12 сәуір күні Тұран-1 шағынауданында болған.
Кешкі сағат 17:00-де үйден шығып кеткен баланың денесі тереңдігі 2 метр болатын шұңқырдан табылды.
Шұңқыр көпқабатты үйлерге арналған септик ретінде қазылғаны анықталды. Кейіннен жұмыс тоқтап, шұңқыр ашық қалған. Уақыт өте ол лас суға толған.
Әкімдік мердігер мекеме «Ақ Жол» ЖШС-мен 2019 жылы 23 сәуірде №56 келісімшарт жасасқан.
2024 жылы тамыз айында 2 траншеяның қасынан өткен кәріз жүйесінде ақау пайда болып, кәріз су траншеяны толтырған. Бұл мәселе бойынша кәріз жүйесін жүргізген мекеме “Azia RC” ЖШС-не ескерту хаттар берілген. Алайда мердігер мекеме өзіне қатысты талаптарды орындамағаны үшін, сотқа талап арыз жолданды. Осыған орай, ашық тұрған 2 траншеяны болат материалдық қорғаныспен қоршау және қауіпті белгілерін орнату үшін («Опасно знак»), жауапты мердігер мекеме «Ақжол» ЖШС-не ескерту хаттар жолданған. Алайда мердігер мекеме өзіне қатысты талаптарды орындамағаны үшін сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда іс сотта қаралуда, – деп жауап берді қала әкімдігіне қарасты «Ауызсумен және кәрізбен қамтамасыз ету» бөлімі редакцияның сауалына.
Тұрғындар бұл аумақты қоршау туралы бірнеше рет өтініш жасадық деп отыр. Алайда ешқандай шара қолданылмаған.
Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!