Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шымкенттіктерге есірткі саудасы ашық түрде насихатталуда

26.09.2021

837 0

Шымкентте полицейлер көшеде ілінген хабарландырулардың біріне байланысты қылмыстық іс қозғады. Заң қызметкерлері анықтағандай, адамдарға есірткі саудасымен айналысу ашық түрде ұсынылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Жұмысқа шақырған қағаздар тұрғындардың күдігін туғызып, олар дер кезінде полицияға хабар берген.

«Біз қызық үшін «Бұл не жұмыс, не істеу қажет?» деп жазып көрдік. Жауап күткенімізден әлдеқайда тез келді, олар есірткілерді тарату керектігін айтты. Сөздерінше, тыйым салынған заттарды бөліп алып, белгіленген жерлерге тарқатып шығу керек екен. Бұл сұмдық қой! Үлкен қылмыстық әрекеттің осылай ашық түрде насихатталып жатқаны сұмдық», – дейді Евгений Яворский.

Хабарландыру адамдар көп шоғырланатын жерлерге ілінген. Сонымен қатар оны ілгендер көшедегі бейне бақылаудан да қорықпаған. Жалақы жөнінде аптасына 300 мың теңге төлеуге уәде еткен. Бір қызығы, ақшаны рубльмен төлейтінін айтқан. Байланыс нөмірі де ресейлік. Мұндай ашықтық қала тұрғындарын таң қалдырды. Себебі, есірткі тарату – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық және ол үшін 10 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Полиция өз кезегінде, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қатысы бар азаматтар іздестіріліп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта жарнама парақшалары алынып, қылмыстық іс құрамына қосылды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде», – деді Шымкент қаласындағы Абай ОП бастығының орынбасары Керімбек Сейдуәлиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: