Сенбі, 23 қараша, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Су сорғысы 12 жасар баланы тірідей «жұтып қойған»

12.07.2024

348 0

Оралдық 12 жастағы Аман Сейфолланы тірідей «жұтып қойған» су соратын қондырғының иесі әлі табылған жоқ. Амалы таусылған шенеуніктер қанды құбырдың қожайынын анықтау үшін «Жайық-Каспий бассейні» инспекциясына хат жолдапты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жеткіншектің құбырға кептетілген денесі Деркөл өзенінен шығарылған болатын. Марқұмның қайғыдан қан жұтқан анасы дәл осы қондырғыдан бес-алты жыл бұрын тағы бір баланың денесі табылғанын айтады.

Су астындағы құбырға жұтылған Аманды құтқарып алуға ұмтылған ересектердің де күші жетпеген. Кейін көмекке келген мамандар құбырды арнайы құрылғымен кесіп, баланың денесін құрсаудан шығарыпты. Бірақ бұл кезде бәрі де кеш еді.

«Аяғын тұрба сорып алған. Сол аяғы екі бүктеліп, тұрбаның ішіне кіріп кеткен. Тіпті айыра алмаған», – деді баланың атасы Болат Есетов. 

Полиция қылмыстық іс қозғағанымен, адам өлімін жазатайым оқиға ретінде тіркепті. Бір қызығы, су соратын қондырғының қожайыны кім екенін әлі ешкім білмейді.

«Жайық-Каспий» бассейні инспекциясына хаттар жолданды. Саяжай көп, қожайындарын таба алмай қалады», – деді Деркөл кентінің абаттандыру бөлімінің басшысы Тұрсынбек Уәлиханов.

Ұлынан айрылған ананың айтуынша, бес жыл бұрын дәл осы құрылғы суға шомылған тағы бір баланы тірідей «жұтқан» екен. Бірақ ешкім жауапқа тартылмапты. Күйінген ана су түбіндегі «қақпанға» басқалар арандамасын деп алаңдаулы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: