Алматыда гранит тақталардың ұрлануына қатысты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бойында жүргізіліп жатқан реконструкция аумағынан гранит тақталар алынып, бөгде автокөлік-манипулятормен заңсыз түрде құлпытас дайындайтын цехқа жеткізілген.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тексеріс жүргізуде.Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Күдікті анықталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің өзге мән-жайлары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – деді полицияда.
Сонымен қатар департамент тергеу амалдары әлі де жалғасып жатқанын және істің сотқа жолданбағанын атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!