Талдықорғандағы ЖШС аумағында орналасқан жеке ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды СН.КЗ.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы ақпарат 22 қазанда таңғы 05:50 шамасында келіп түскен. Талдықорған қаласы Желтоқсан көшесінде орналасқан ЖШС аумағындағы жеке нысанда газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қабырғалары құлап, 20 шаршы метр аумақ өртенді.
Жарылыстан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен беті күйіп қалған. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Қазір жарылыс салдары анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!