Бейсенбі, 21 қараша, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Танымал блогер жақын досының «сатып кеткенін» айтты

05.04.2024

517 0

Сурет: massaget.kz

Танымал блогер Медетжан Жанабай Taboo бағдарламасына берген сұхбатында бір досының сатқындығын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz

Оның айтуынша, жақыны болып кеткен досы бірнеше рет бағалы заттарын ұрлаған. 

«Жігіттермен тұрғанда бір жігітпен араласып бастаймыз. Ұзақ уақыт бізбен жүреді, бірге ойын ойнаймыз, оның ағасы көлігімізді жөндеп береді. Аяғында бірге тұрып жатқанда үйден 4 қымбат телефонды ұрлап кетті. Айтпайды ғой ол. Біз пранк деп жүрміз ғой. Сөйтіп үйге полиция шақырдық. Ол өзара шешіп алыңдар деді. Бізге ондай проблема керек болмады. Сосын жылы қоя салдық. Ол ҰҚҚ-да ағам бар деп, сенімге кіріп жүр. Кейін тағы 2 телефон жоғалды. Полиция бөліміне бардық. Полиция 2 адамға күдік түсіп тұр деді. Мен сол баланың ағасы телефонымызды тауып берді деп айттым. Полиция қызметкері онымен 10 минут сөйлескеннен кейін бәрін айтып берді. Телефондарды үйдегі бір жерге тыққан. 4 ай бойы үйде жатқан ғой. Көлігіме байланысты да проблема шықты деп өтірік айтып, ақша сұрата беретін еді. Сабақ болды», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: