Сенбі, 21 желтоқсан, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал блогердің күйеуін көлік қағып кетті

22.07.2024

384 0

Сурет: ortcom.kz

Отандық танымал блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанды көлік қағып кетті. Желі жұлдызы жол-көлік оқиғасының мән-жайын Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады kaz.nur.kz.

Айжан Байзақова күйеуіне қатысты оқыс оқиға туралы бірден оқырмандарына айтып берді. Блогердің сөзінше, көлік жүргізушісі ұялы телефонына қарап келе жатып, жаяу жүріншілер жолағындағы адамды байқамай қалған.

Желі жұлдызы желіде жолдасы үшін алаңдаған көпшілікпен байланысқа шығып, оның қазіргі жағдайын бөлісті. Белгілі болғандай, Нұрбек Арыстан жол-көлік оқиғасының қатты жарақат алмаған. Байзақованың сөзінше, керісінше бұл оқиғада көлік көбірек зардап шеккен.

«Нұрбекті жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан. Нұрбек көлікті зақымдаған. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Көлік жүргізушісін кешіре салған. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Күйеуімді көлік қаққан сияқты еді. Бірақ жолдасымның орнына көлік зақымданған.

Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі деп қабылдайық. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға қарамаңыздар. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Десе де екеуіне де үлкен сабақ болды», – деп жазды Айжан Байзақова.

Танымал блогердің күйеуін көлік қағып кетті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: