Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шекті

26.08.2021

1265 0

Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына түрлі жарақатымен жеткізілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс мининстрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді, алдын ала деректер бойынша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша медициналық мекемелерге жеткізілген 7 адам зардап шекті. Құрылған жедел штабтың басшысы – облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысы әкімдігінен оқиға орнына өңір басшысының орынбасарлары Т. Ш. Мамаев, Д. Ж. Кәрібек бастаған жауапты тұлғалар жіберілгені айтылады.

«Тараз қаласының тұрғындарын үйден шықпауды және терезелерге жақындамауды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қорғаныс министрлігінің Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімінде 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққаны белгілі. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары шынжыр табанды өрт сөндіру машиналарында тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖЛ Өрт сөндіру жасақтары көмек көрсетіп жатыр. Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Осы нысанның жанында Байзақ ауданының Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері орналасқан, олар қазіргі уақытта эвакуацияланған. Өртті сөндіру үшін ТЖД-нің 12 техникасы мен 42 қызметкері, сондай-ақ әскери бөлімнен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: