Сәрсенбі, 28 тамыз, 06:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68-2078
27.08.2024
PDF мұрағаты

Таразда әйел адам көпірден секіріп кетті

27.08.2024

203 0

Полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өмірден түңілген жанды сабырға шақыруға тырысқан. Секірген сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақ болады. Алайда, полицейдің қолынан суырылып шығып суға құлап кеткен.

Осы сәтте полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов ағысы қатты өзенге ізінше секіріп түседі. Сақшыға төтенше жағдайлар қызметкері мен жақын маңдағы жергілікті тұрғын көмекке келіп үлгерді. Әйел аман-есен құтқарылып, жағаға шығарылды.

Құлаған кезде кеудешесі жыртылып қалғандықтан, полиция қызметкері өз киімін кигізген. Жапа шегушінің сөзінше, мұндай жағдайға отбасылық жанжал себеп болған.

Жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: