«Теңізшевройл» мұнай компаниясының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан зауыты өртеніп, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды, – деп хабарлайды kursiv.media
Жергілікті «Ақ Жайық» газетінің мәліметінше, өрт 18 қаңтарда таңертең сағат 09:55 шамасында шыққан. Теңіз кен орнындағы үшінші буынға жататын зауыттың 52-учаскесі өртенген.
«От бірінші және екінші генератор арасындағы трансформатор орналасқан аумақта тұтанған», – деп таратты басылым.
Зауыт аумағындағы жүздеген жұмысшы эвакуацияланған. Баспасөз барлығы 473 адам шығарылғаны туралы мәлімет таратты. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жарияланбады. Өрт сөндірілді.
«Теңізшевройл» компаниясына тиесілі зауыттың өртену себебі анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
