Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операцияның басталуымен дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтардың құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды ұстады, олардың 6-ы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операция кезінде: 30 бірлік қару, атап айтқанда 22 тегіс ұңғылы, 3 карабин, 5 тапанша, 245 бірлік оқ-дәрі, 2 бірлік суық қару, сегіз радиостанция, 4 оқ-дәрі алынды.
Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника, халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді.
Сондай-ақ, ұсталғандар жүріп өткен 29 автокөлік, митингтерді заңсыз ұйымдастыру тәртібі бойынша діни әдебиеттер мен құралдар тәркіленді.
Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте болады, шекараны күзету күшейтілген режимде жүзеге асырылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!