14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды. Оқиға Жетісу облысындағы ауылда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрген жоқ. Оның денесі қараусыз қалған үйде зорлық-зомбылық белгісімен табылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізуде.
«Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды», – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!