Сурет: t.me/mchs_official
Түркиядағы зілзаладан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан ресейлік құтқарушылар қомақты қаржы тауып алды. Асүйдегі кәстрөл ішіне 150 мың АҚШ доллары салынған, деп хабарлайды Экспресс К.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар жер сілкінісінен кейін қираған үйлерді қоқыстан тазалау кезінде зардап шеккен үй иесінің сақтаған қаржысын тапты. Асүйдегі кәстрөл ішінде 100 долларлық купюраның 1,5 мың данасы болған. Бұл қаржы жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Қомақты қаржы кімге тиесілі екені және ол адам жер сілкінісінен аман қалды ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бүгін, 15 ақпанда Ресейдің Төтенше жағдайлар министрігі Түркияда жүрген құтқарушылар тобы өз жұмысын аяқтап, Мәскеуге оралғанын хабарлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!