Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түркияда жер сілкінісінен 76 адам қаза тапты

06.02.2023

812 0

Сурет: t.me/trtnarusskom

Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Анадолыға сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болған. Содан кейін жер сілкінісі әртүрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Дәл қазіргі жағдайда табиғи апат салдарынан қаза тапқан 76 адам анықталған.

– Османие провинциясында кемінде 7 құрбан бар.

– Малатияда кемінде 23 адам қаза тапты, 420 адам жарақат алды, 140 ғимарат қирады.

– Диярбакыр провинциясында 8 қабатты ғимарат опырылып, 6 адам қаза тапты.

– Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй құлады. Қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

– Аданада 3 көпқабатты тұрғын үй толығымен қирап қалды.

Түркия елінің басшылығы қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін жариялады. Ол бойынша халықаралық көмекке жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі де толықтырылып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: