Шаруалар мәселесін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өзі шығып тыңдамағандықтан, осындай әрекетке амалсыз барған, деп хабарлайды Экспресс К.
Көпшіліктің облыс әкімдігі алдында тізерлеген сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда «Шопан Ата» қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев жиналғандарға әкімнің шығуы үшін тізе бүгіп жалбарынуымыз керек деп кеңес береді.
«Сіздерге әкім емес, сіздерге хан келіпті. Ханнан не сұрасаң да тізерлеп сұрауың керек. Сондықтан тізе бүгіп, сұраңыздар хандарыңыздардан. Ең болмаса, шықсын алдарыңызға», – дейді Алмасбек Садырбаев.
Осыдан кейін жиналған жұрт қатар тұрып, тізерлеп отырады. Содан соң алақандарын жайып, «Уа, Хан ием!» деп жамырай жөнеледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!