Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз қару алып жүрген кім?

13.12.2021

1046 0

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған шара барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады.

Полицейлер ауданға қарасты Аққолқа елді мекенінде қару ұстап келе жатқан 40 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатты.

«Тексеру барысында аталған азаматтың өзімен бірге ішкі істер органында тіркеуде жоқ 16 калибрлі екі ұңғылы «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: