Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды

08.02.2024

782 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Түркістан қаласында екі баласын өлтірді деген күдікпен анасы іздестірілуде. Әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Кейбір мәліметтер бойынша оларды анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын”, – дейді Түркістан облысының полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов.

Сонымен қатар болған жағдайға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі де пікір білдірді.

“Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Егер іздеудегі күдіктіні көрсеңіз дереу тиісті органдарға хабарласыңыз”, – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: