Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасын саперлер тексеріп жатыр

28.08.2021

823 0

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өрттен зардап шеккен Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасының аумағын қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сіллтеме жасап.

Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кеңес өткізді.

«Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда», делінген хабарламада.

Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: