Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жамбылдықтар қаза тапқан «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановты ақтық сапарға шығарып салды

29.08.2021

842 0

Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқан азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Аймановты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды «Хабар-24» телеарнасы.

Өрт сөндіруші әскери қоймадағы қызыл жалынды ауыздықтау кезінде болған, жойқын жарылыстан қаза тапқан. Оның артында ата-анасы, аңырап 5 баласы, аяулы жары, бауырлары қалды.

Мейіржан – Аймановтар әулетінің үлкені болатын. Тұңғыш ұл болғандықтан ата-анасы да, бауырлары да оған арқа сүйейтін. Ол да ағайын мен туысқа, дос пен бауырға әрдайым құшағын ашып, көмегін аямайтын.

«Орындалмаған армандары көп еді. Тым ерте кетті. Жанымды айтқызбай ұғатын құлыным еді» дейді етегі жасқа толған анасы Айткүл Айманова.

«Жетіге қарай мен онымен хабарластым. «Балам, жұмысың бітті ме? Қайдасың? – деп едім «Мама, өрт сөндіруге кетіп барамын» деді. Ол жарылыс болатынын білген де жоқ. Өртті сөндіре бастаған кезде жарылған ғой. Балалардың бәрі ұшып-ұшып кетті. Ол 1-2 баланы құтқарыпты. Өзі қайтадан қалған балаларға кіріп кетіпті. Содан шықпады ғой», – деді Айткүл Айманова.

Мейіржан жақында ғана 45 жасқа толған еді. Өмір бойы өрт сөндіру саласында еңбек етіп, полковник шеніне дейін өсті.

«Адалдық пен әділдікті жаны қалайтын. Әлсізге қамқор, жалғандыққа жаны қас болатын. Кішкентайынан спортты серік етті» дейді тай-құлындай тебісіп, бірге өскен сыныптас достары.

«Мейіржанды кішкентайынан білеміз, сол кезде бойында қайрат бар еді. Әлсіздерге жақтасып, қорғап жүретін еді. Төбемізден жай түскендей боп отырмыз. «Енді өмір сүріп, бала-шағаны өсіріп, қызығын көремін ба» дегенде қыршынынан кетіп отыр», – дейді Мейіржан Аймановтың сыныптасы Елмира Ізмағамбетова.

Еске сала кетсек, 29 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: