Маңғыстау облысындағы жол апатында 6 Өзбекстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты 16 қазан күні таңғы сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac көлігі жол жиегінде тұрған MAN жүк көлігіне соғылған. Жүк көлігі жол жиегінде шекарадан өту үшін кезекте тұрғаны анықталды.
«Көлікте барлығы 10 адам болған. Олардың төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастар толық көлемде қажетті ем алады. Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты”, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ жол апатына қатысқан көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгені, қаза тапқандар мен зардап шеккендер Ресей Федерациясынан келе жатқан Өзбекстан азаматтары екенін алаңдады.
Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!